ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультеті түлектерінің резидентураға түсу мүмкіндігі қарастырылуда

2 тамыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің интернатура түлектерінің өзге медицидиналық жоғары оқу орындарында резидентураға түсу мәселесіне қатысты туындаған сұрақтар бойынша түлектермен, олардың ата-аналарымен және БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.

Аталған мәселеге орай туындаған сұрақтарға университет әкімшілігі төмендегідей түсінік береді:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің 2020 жылғы стандарттарына сай, биыл Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің интернатура бағдарламасы бойынша 14 интерн (барлығы келісім-шарт негізінде оқытылды) бітіріп шықты.

Бұл студенттер 2018 жылы 2017 жылғы стандарт бойынша (5 бакалавриат+2 интернатура) оқуға түсіп, жаңа 2020 жылғы стандартқа (5 бакалавриат+1 интернатура) ауыстырылды.

Осы стандарт бойынша «6В10103 Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының барлық қажетті кредиттері мен мазмұнын игерді.

2024 жылдың маусымында интернатура студенттері оқуын сәтті аяқтап, білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалаудан орташа  90 баллмен өтіп, интернатураны бітіргені туралы куәлік алды.

Университет оларға «дәрігер» біліктілігін бере отырып, интернатураны бітіргені туралы мемлекеттік үлгідегі куәліктер берді.

Аталған интернатура түлектері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінде маман сертификаттарын алды.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Медицина және денсаулық сақтау факультетінің интернатура түлектерінің еліміздегі өзге медициналық оқу орындарына әрі қарай резидентураға түсу мүмкіндігін қарастыруда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басапсөз қызметі