Студенттер үйінің жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді
30 шілде, 2024
Бүгін университетімізге ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, Республикалық студенттік Омбудсмен Наукен Ұлан және Алматы қаласы бойынша студенттік Омбудсмен Төлепберген Әділхан келіп, жатақханалардың алдағы жаңа оқу жылына дайындығымен танысты. Олар университет басшылығымен бірге №15, 16, 17 студенттер үйін аралап, оларға жаңа матрацтар мен төсек-жабдықтарының жаңадан сатып алынғанын көрді.
Жатақханаларда жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуын қадағалауды университеттің Студенттер үйіне жауапты басшыларына тапсырды.
Басқа жаңалықтар
16 қараша, 2024