Химия саласындағы ғылыми жобалар сараланады
2024 жылдың 26 тамызында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» іс-шарасын өткізеді.
ChemTech коммерцияландыру реакторы аясында химия өнеркәсібіндегі жаңа жобалардың питч-тұсаукесерлері ұйымдастырылады.
Қатысушылардың әлеуетті бизнес-серіктестер мен инвесторлар алдында өздерінің ғылыми әзірлемелерінің тиімділігін көрсетуге және жалпы сомасы 350 миллион теңгеге дейінгі гранттар конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие бола алады.
Іс-шара аясында өңделмеген индийді тиімді тазарту технологиясы, көмірдің шаң тәрізді фракциясын кешенді пайдалану әдісі, құрамында күкіртсутегі бар газдарды тазарту, көктайғаққа қарсы заттарға қажет натрий форматын сілтілі ортада алу тәсілі, мал шаруашылығы қалдықтарынан кератин гидролизаттарын алу және басқа да жобалар ұсынылатын болады.
Кездесуге ғалымдар, стартап-жобалардың басшылары, бизнес өкілдері қатысады.
Тіркеу:
Барлық сұрақтар бойынша: + 7 7172 79-98-67 А.Е.Исимова
Өтетін күні мен орны:
2024 ж. 26 тамыз, Алматы қ., сағат 14:00,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Әл-Фараби даңғылы 71.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі