Студенттік құрылыс жасағы өз жұмысын бастады
Елімізде «Жасыл ел» еңбек жасағы 2005 жылы алғаш рет өз жұмысын бастаған болатын. Сол уақыттан бері ҚазҰУ «Студенттік құрылыс жасағы» аталған бағдарлама аясында «Жасыл ел» штабымен бірлесе жұмыс атқарып келеді. Бүгінде сол дәстүрді бұзбай, университетіміздің «Студенттік құрылыс жасағы» мүшелері «Көк-Төбеде» өткен жаңа маусымның салтанатты ашылу рәсіміне қатысып қайтты. Айта кететін жайт «Студенттік құрылыс жасағы» ағымдағы айдын 3-жұлдызынан бастап өз жұмысын бастады. Бұл жасаққа Университетіміздің оқуда озат, белсенді жастары іріктеліп алынды.
Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы еңбекқор жастар үшін барлық мүмкіншілікті жасауда. Биылғы маусымдағы студенттер тегін жатын орынмен, еңбекақымен, таңғы және түскі аспен қамтамасыз етілді.