ҚазҰУ мен Назарбаев университетінің ғылыми байланысы артады

15 тамыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Назарбаев университетінің Президенті Ахмад Вакармен кездесті.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі арттыру, ғылымды дамыту және бірлескен зерттеу жұмыстарын іске асыру мәселелерін талқылады.

Жүздесу барысында Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың ғылымды дамыту бағытында атқарып отырған жұмыстарынна тоқталып,  бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыру үшін ортақ жоспар құру қажеттігін атап өтті.

«ҚазҰУ мен Назарбаев университетінің серктестігін ғылыми бағытта дамыту, жаңа зерттеу жобаларын құру және оқытушылар мен студенттер алмасу – біз үшін өте маңызды», - деді ЖОО басшысы.

Өз Ахмад Вакар Қазақстандағы жетекші екі университеттің ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға әлеуеті жететіне сенім білдірді.

«Мықты ғылым – бірлескен ғылым. Мен сіздің ғылыми жұмыстар жүргізу туралы ұсынысыңызды қолдаймын. ҚазҰУ мен Назарбаев университеті әлемдік рейтингтерде жоғары орындарға ие. Қос жоғары оқу орнында ауқымды бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға барлық мүмкіндік бар. Біз серіктестікті дамытуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайынбыз», - деді Назарбаев университетінің Президенті.

Сондай-ақ өз сөзінде Ахмад Вакар ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларын келесі айда Назарбаев университетінде өтетін конференцияға шақырды.

Кездесуден соң құрметті қонақ жоғары оқу орнының ғылыми инфрақұрылымымен және жаңа зертханалардың қызметімен танысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі