ҚазҰУ РЕЕХ халықаралық зерттеу бағдарламасының мүшесі болды
Финляндияның Хельсинки университетінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PEEX (Pan-Eurasian Experiment) халықаралық бағдарламасын орындаушылардың жұмыс тобына кіруі туралы Меморандумға қол қойылды.
Қол қою рәсімі РЕEХ тобы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-білім беру қызметінің нәтижелері таныстырылғаннан кейін өтті.
PEEX – Солтүстік Еуропадан Қытай Халық Республикасына дейінгі аймақтарды қамтитын климаттың өзгеруіне, ауа сапасына, қоршаған ортаны қорғауға және зерттеу инфрақұрылымына қатысты мәселелерді зерттеуге бағытталған көп салалы бастама.
ҚазҰУ делегациясы PEEX бағдарламасының өкілдерімен – профессор Tuukka Petäjä, ғылым докторлары Hanna Lappalainen және Alexander Mahuraмен кездесу барысында ғылым мен білім саласындағы бірлескен жобаларды пысықтады.
Тараптар ауа сапасының мониторингі, жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты орын алатын табиғи апаттардың жай-күйін және жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттардың академиялық ұтқырлығы мәселелерін талқылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі