Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ғылым мен білім саласындағы тәжірибе алмасу мақсатында ҚазҰУ-да Бар-Илан (Израиль) университетінің делегациясымен кездесу өтті.

20 тамыз, 2024

ҚазҰУ бүгінгі таңда Холон технологиялық институтымен және Хайфа университетімен тікелей серіктестік орнатты.

Израиль универститеті Инженерия факультетінің деканы Зеев Залевский бастаған делегация басшылықпен бірқатар мәселелерді шешкен соң, қалашықты тамашалап университет құрылымымен танысты. Оның ішінде музей экспозицияларынан көрініс тапқан  университет тарихы туралы мәлімет алды.

Зеев Залевский ұйымдастырылған кампустурға ризашылығын білдірді.