әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қызметкерлері Фин метеорологиялық институтында (FMI) біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

24 тамыз, 2024

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының 1 тармағы Жоғары өмір сапасы,1.2 бөлімшесі Білім және ғылым: air quality research, measurements and modeling, model validation  and climate change system modeling тақырыптары бойынша 2024 жылдың 12-21 тамыз аралығында BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» бағдарлама аясында Фин метеорологиялық институтында (FMI, Finland) ғылыми тағлымдамадан өтті.  Тағылымдама барысында атмосфералық мониторингтің арнайы түрлері мысалы, Station for Measuring Ecosystem-Atmosphere Relations III (SMEAR III) зерттелді.

SILAM моделін қолдану үшін заманауи құралдарды қолдану бойынша тәжірибелік дағдылар меңгерілді. Сондай-ақ ластаушы заттарды өңдейтін зертханалар мен ауа сапасын бақылау станцияларына таныстыру жүргізілді. Ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқталған соң сертификаттар берілді.

Толығырақ:  https://peexhq.home.blog/2024/08/21/peex-collaboration-meeting-with-the-al-farabi-kazakh-national-university/