- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми қызметкерлері Батыс Қазақстан өңірінде далалық зерттеулер жүргізуде
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми қызметкерлері Батыс Қазақстан өңірінде далалық зерттеулер жүргізуде
"Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер" бағдарламасын іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми қызметкерлері Батыс Қазақстан өңірінің табиғи ландшафттарына далалық зерттеулер жүргізуде.
Далалық экспедицияға география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау орталығының қызметкерлері қатысуда.

Экспедицияның негізгі міндеттері - табиғи ландшафттардың қазіргі жағдайын зерттеу, олардың антропогендік бұзылу дәрежесін анықтау және шаруашылық іс-әрекеттен туындаған аймақтың экологиялық мәселелерін анықтау. Зерттеулер климаттың өзгеруімен күресуге бағытталған ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) 13 және құрлық экожүйелерін сақтауға бағытталған ТДМ 15 іске асыру шеңберінде жүргізілуде.
.jpeg)
Далалық зерттеулердің нәтижесі - өңір ландшафттарының антропогендік бұзылуын бағалау және белгіленген учаскелерде ЖҚЗ (Жерді қашықтан зондтау) деректерін растау болып табылады https://youtu.be/riC-skpn0Tg.