- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ мен Циндао ауыл шаруашылығы университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
ҚазҰУ мен Циндао ауыл шаруашылығы университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Циндао ауыл шаруашылығы университеті делегациясының сапары аясында екі жоғары оқу орны ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші проректор м.а. Еркін Дүйсенов пен Циндао ауыл шаруашылығы университетінің вице-президенті Чжан Юмей ханымның кездесуі кезінде ҚазҰУ-дың Қытай жоғары оқу орындарымен стратегиялық ынтымақтастық мен мәдениетаралық өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтілді. Университет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бірқатар табысты бірлескен жобалар жемісті серіктестіктің айғағы болып табылады. Бұл тізімге Нанкин ғылым және технология университеті, шығыстану факультеті базасындағы Конфуций институты және Қытай тілі орталығы мен Ланьчжоу университетімен (ҚХР) бірлескен жобамен серіктестікте құрылған энергетикалық тиімді нанотехнологиялар бойынша халықаралық қазақ-қытай ғылыми зертханасы кірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай Халық Республикасының Солтүстік-батыс политехникалық университеті (СЗПУ) филиалының ашылуы және Қытайдың басқа да жоғары оқу орындарымен орнатылған ынтымақтастықтарды атап өтуге болады.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚазҰУ-да дәріс оқу үшін ҚХР-дан екі профессор шақырылды. Бүгінде университетте Қытайдан келген 969 студент білім алуда. «Жалпы, Қытай университеттерімен ынтымақтастық ауқымды және жемісті деп атауға болады», – деп атап өтті проректор. – Біздің университеттер арасындағы меморандумның жасалуы ғылым мен білім саласындағы өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын дамытуға ынталандыру болады».
Циндао ауыл шаруашылығы университетінің вице-президенті Чжан Юмей ханым өз кезегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен экономика, ғылым және т.б. салаларда табысты еңбек етіп жүрген көптеген талантты тұлғалар шыққанын атап өтті. Ол теңіз жағалауындағы Циндао қаласы туралы және ол Шанхай ынтымақтастық ұйымы жетістіктер аймағы екенін айтты. Циндао ауыл шаруашылығы университеті ауылшаруашылық және инженерлік ғылымдар саласы бойынша 22 факультетте мамандар даярлайтын мемлекеттік университет болып табылады. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің профессоры Күләш Қалиеваның университеттер арасындағы байланысты орнатудағы рөлін ерекше атап өтті.
«Біз қазірден бастап университеттер арасында ынтымақтастық көпірі орнатылды деп үміттенеміз және бұл бастама біздің елдеріміз бен ЖОО тарихындағы жаңа парағын ашатынына сенімдіміз», – деп атап өтті Чжан Юмей ханым. – Біз теңіз жағасындағы Циндао қаласы мен Алматы тауларының етегіндегі қаланы берік достастықпен біріктіре аламыз».
Кездесу алдағы өзара тиімді серіктестіктің бағыттары мен келешегін айқындайтын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімімен аяқталды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі