Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғашқы оқу жылын еліміздің Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирден көруден бастадым.Farabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғашқы оқу жылын еліміздің Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирден көруден бастадым.

3 қыркүйек, 2024

Мен Өмірбайұлы Саят, заң факультетінің қаржылық құқық білім беру бағдарламасының  1 курс студентімін. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғашқы оқу жылын еліміздің Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирден көруден бастадым. Біз тобымызбен және эдвайзер-куратор Айгаринова Гулнар Төлеухадировнамен бірге бас қосып талқыладық! Жолдаудың басым бағыттарын ой сарасынан өткіздік.  Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бізге, яғни еліміздің жастарына жаңа Қазақстанда жаңа мүмкіндіктер - білім және ғылымды насихаттады, білім алуға өте үлкен мүмкіндіктер бар екенін атап көрсетті. 
Мен әскери борышымды өтеп, білім саласына қарай, Қазақ Ұлттық Университеті білім ордасына аяқ бастым..