«Гидрологиядағы инновациялар» тақырыбындағы көшбасшылық дәріс

4 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 2 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасында USAID-тің аймақтық су ресурстары және қоршаған орта жобасының гидрологы және менеджері Игорь Шенбергер «Гидрологиядағы инновациялар» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді. Іс-шара 6 және 13 ТДМ іске асыру аясында және университеттің 90 жылдық мерейтойына орай өткізілді.

Бірінші курс студенттеріне арналған бағдарлау апталығы аясында ұйымдастырылған дәріске кафедраның студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты. Игорь Шенбергер гидрологиядағы қашықтықтан зондтау, автоматтандырылған мониторинг жүйелері, гидрологиялық процестерді модельдеудің жаңа әдістері және алдыңғы қатарлы IT-технологиялар сияқты қазіргі замануи бағыттар бойынша өз білімдерімен бөлісті. Сондай-ақ, ол су ресурстарын тиімді басқару үшін инновациялық тәсілдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Осындай іс-шаралар студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға және олардың ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Метеорология және гидрология кафедрасы ТДМ-ға қол жеткізуге және университеттегі білім мен ғылымның жоғары стандарттарын қолдауға ықпал ететін жетекші сарапшыларды тәжірибе және білім алмасу үшін шақыруды жалғастырады.