АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» КУРСЫ ӨТТІ

5 қыркүйек, 2024

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «AMANAT» партиясының білім беру жобасын қамтуды кеңейту жөніндегі жол картасы» шеңберінде «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру бойынша «Қаржылық сауаттылық» курсы басталды.

Курсты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нарбекова Бану Мұқатайқызы құттықтау сөзімен ашты.  Алматы қаласы мен Жетісу облысында орналасқан 36 ЖОО-нан келген 50-ден аса профессор-оқытушылар құрамына арналған 3 күндік семинардың қатысушыларына сәттілік тіледі.

Ағымдағы жылдың 15-17 шілдеде Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «AMANAT» партиясы ұйымдастырған семинарға қатысып, Оқытушы-тренер сертификатын иеленген, аталған курсты жүргізуші спикерлерді таныстырды:

  1. Каримова Мадина Даутовна – PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры;
  2. Керімбек Ғалымжан Есқараұлы – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті;
  3. Сыздыкбаева Нургуль Байшариповна – PhD, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессоры.

«Қаржылық сауаттылық» курсында спикерлер қаржылық сауаттылықтың түсінігі, мақсаты мен міндеттері; ақша, есеп айырысу және төлемдер; жеке қаржы: кірістер, шығыстар, бюджет; салықтар мен жеке тұлғаларға салық салу, халыққа арналған банктік қызмет көрсетулер, сақтандыру, қаржы нарығы және инвестициялау негіздері, жеке кәсіпкерлік және стартап, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке қаржылық қауіпсіздік және басқа да тақырыптар бойынша тәжірибеге негізделген дәріс жүргізеді. Пәнді өткізудің әдістемесін қарастырады.

«AMANAT» партиясының Алматы қаласы бойынша Медеу аудандық филиалының төрағасы Ажиманов Азат Алимханұлы  барлық тыңдаушыларға курстың қорытындысы бойынша сертификат табыстады.

Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірінде «Қаржылық сауаттылық» курсының басталғанын атап өту керек. Сонымен қатар, әр өңірде мектептер мен арнаулы орта оқу орындарының (колледж) мұғалімдері де арнайы курстан өтіп, сертификат алуда. Осы оқу семинарын табысты аяқтаған мамандар колледждер мен мектептерде оқушыларды оқытады. Аталған жоба аясында жаңа оқу жылынан бастап, арнайы пән ретінде енгізу жұмыстары жоспарлануда.

#AMANAT