- Басты бет
- Жаңалықтар
- Картография және геоинформатика кафедрасының 1 курс студенттерінің Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне экскурсиясы
Картография және геоинформатика кафедрасының 1 курс студенттерінің Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне экскурсиясы
Қыркүйек айының 5-ші күні «Геодезия және картография», «Геоинформатика» және «Табиғи-техногендік қауіп-қатер» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері Байтұрсынов-Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан А. Байтұрсынұлының мұражай-үйіне экскурсиясы өтті. Экскурсия барысында студенттер Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері және өмірімен танысты.
Ахмет Байтұрсыновтың Мұражай-Үйі қоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашалық жолына арналған, мәдени-ғылыми мекенжай. Мұражай Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл үйде Байтұрсынов 1934 жылдары тұрған. Мемлекеттік деңгейде құрылған арнаулы комиссия шешімімен мұражай-үй бұрынғы қалпына келтірілді. 1998 жылы Байтұрсыновтың туғанына 125 жыл толуына орай мұражай-үй күрделі жөндеуден өткізіліп, құрылымы, сәулеттік сыртқы пішіні, ауласы бұрынғы қалпын тапты. Мұражай-үйдің бөлмелерінде орналастырылған заттардың көбісі жақын-туыс жанашырларынан алынған. Онда Байтұрсынов өміріне байланысты мұрағаттық материалдар, түрлі құжаттар, қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар қойылған. Байтұрсыновтың тұрмыс-тіршілігі мен шығарм-на байланысты жиһаз-бұйымдар мен құжаттардың бір тобы Торғайдағы мұражай-үйінде сақталған.