«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арналған тәрбие сағаты

7 қыркүйек, 2024

ТДМ 4. 2024 жылдың 5 қыркүйегінде «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы өзінің эдвайзерлік 218 тобымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арналған тәрбие сағатын өткізді. Жолдауда айтылған 9 бағыт бойынша мәселелер талқыланды.

Бірінші. Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет екендігі.

Екінші. Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды екендігі.

Үшінші. Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігі.

Төртінші. Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігі.

Бесінші. Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екендігі.

Алтыншы. Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керектігі.

Жетінші. Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі екендігі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек екендігі.

Сегізінші. Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керектігі.

Тоғызыншы. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттігі.

Аталған мәселелер бойынша студенттер өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Тәрбие сағатын қорытындылай келе, 218 топ эдвайзері Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іс жүзіне асыру үшін барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек деді.