05.09.2024 жылы тілдер мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасының "Түркітану" мамандығының 1-курс студенттерімен топ эдвайзері, оқытушы Аширкулов Канат Бахтиярулы ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың тақырыбы тілдер мерекесіне орай "Ана тілім-айбыным". Сабақ барысында студенттер белсенділік танытты. Түркітану мамандығының 1-курс студенттері әр тілде өлең шумақтарын оқыды. Қазақ, орыс, ағылшын, жапон, корей, хакас тілдерінде оқыған өлеңдерімен өнерлерін паш етті. Жаңадан келген тәлімгерлердің біліктілігін сынау мақсатында сабақ барысында топтық жұмыстар мен викториналық сұрақтар, кім тапқыр, қызықты ұйқастар, мақалдың мәнін тап сынды біліктілік ойындары ұйымдастырылды. Сабақ барысында қазақтың домбырасымен күй шертіліп, ән шырқалды. Ашық сабаққа филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы да қатысты. Сабақ соңы қорытындылау, талқылау бөлімдерімен аяқталды. Профессор -оқытушылар құрамы ашық дәріс бойынша оң бағасын берді. Жаңадан келген тәлімгерлерге жаңа оқу жылында табыстар тілеп, тіл туралы қызықты ақпараттарымен бөлісті, ана тілінің мәртебесін көтеру жастардың қолында екенін айтып өтті.