ҚазҰУ-да АЭС салудың тиімділігі талқыланды

10 қыркүйек, 2024

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және елімізде АЭС салу мәселесі талқыланды.

Іс-шараға атом саласының сарапшылары, ғылыми қызметкерлер, оқытушы-профессорлар мен білім алушы жастар қатысты.

Жиын барысында теориялық және ядролық физика кафедрасы меңгерушісі Медеу Абишев Қазақстанда АЭС салудың ұтымды жақтарын баяндап, 6-қазанда өтетін референдум бойынша ойын ортаға салды.

Ал теориялық және ядролық физика кафедрасының доценті Сәуле Жауғашева ядролық физика саласында маман дайындауға қатысты пікір білдіріп, ядролық институтпен бірлесе атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Өз кезегінде қызметкерлер мен студенттер АЭС-тің экономикалық және әлеуметтік ахуалды жақсартуға, экологиялық ахуалды реттеуге, өнеркәсіпті өркендетуге қосатын үлесін талқылап, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі