Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған эдвайзерлік сағат

9 қыркүйек, 2024

ТДМ 4. 09.09.2024  ж. Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті А.К. Джангабулова 202-топ студенттерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған эдвайзерлік сағат өткізді. Эдвайзерлік сағатта студенттер Жолдаудың негізгі бағыттарын аса қызығушылықпен талдады, өз ойларын білдірді. Соның ішінде, мемлекет басшысының  атап өткен мәселелерінің бірі банктер туралы жаңа заң қажеттігінде. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек деп айтып өтті мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Салық кодексін қабылдауға байланысты сұрақтар көтерілді. Студенттер Жолдаудың маңыздылығын және оны жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға дайын екендерін атап өтті.