ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша заң факультетінің жоспарына сәйкес 11 қырқүйекте сағат 11.00-де заң факультетінің 4-ші дәріс залында, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары PhD докторы Мырзатаев Нурмухамед Даулеткеліұлы «Сапалы білім беру мен кадр мәселелері» атты тақырыпта Президент жолдауын жүзеге асыру бойынша заң факультетінің 122-топ студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Президент жолдануындағы айтылған мәселелер тек сөз жүзінде ғана емес сонымен қатар, оның орындау тетігі бойынша да ойларымен бөлісіті.
«Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет. Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандарты қабылданады. Сондай-ақ, ұстаздардың құзырет аясы айқындалады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде. Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек. Отандық жоғары оқу орындарының білім сапасы артқан сайын ондағы оқу ақысы да өсе түседі. Сондықтан мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және басқа да көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайызға дейінгі аралықта болады.» - деген болатын өз жолдауында Президент.
Білімалушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп болашақта әлі АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы да біраз келелі пікірлер ортаға салынды.
Жастар Президент жолдауын жүзеге асыру бойынша мәселелерді ынтамен тыңдап өздерінің қызығушылықтарын білдірді.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024