Горельник сарқырамасына жорық

16 қыркүйек, 2024

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні география және табиғатты пайдалану факультеті, рекреациялық география және туризм кафедрасының “ZhasTour” клубының бастамасымен Кіші Алматы шатқалындағы Горельник сарқырамасына демалыс күнгі тау жорығы ұйымдастырылды.

Жорыққа кафедара оқытушылары Бейсахмет А.А., Моминова С.А., Қалиева А.Б., Әділбай Б.С. жетекшілігімен 52 студент қатысты. Жорық барысында 1 курс студенттеріне Медеу мұз айдыны жайлы ақпарат беріліп, сонымен қатар студенттер қала тұрғындары дәстүріне айналған Медеу су бөгетінің баспалдақтарын еңсерді.

Горельник сарқырамасына ұйымдастырлыған демалыс күнгі тау жорығы тұрақты дамудың келесі мақсаттарымен байланысты: «3-мақсат: жақсы денсаулық пен әл-ауқат» салауатты өмір салтын қамтамассыз ету және кез келген жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру; «15-мақсат: құрлық экожүйлерін сақтау» - құрлық экожүйлерін қорғау мен қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға ықпал ету.