«НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
13 қыркүйекте Zoom платформасында ҚР жоғары оқу орындарының психолог мамандары үшін "Нашақорлықтың алдын алу жолдары" тақырыбында семинар өткізілді.Семинарды университет психологтарының үйлестіру кеңесі ұйымдастырып, СДУ психологы, халықаралық жаттықтырушы Сейтқазиева Назерке өткізді. Аталған семинарға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан 150-ге жуық психолог мамандары қатысты.Семинар барысында адам өміріне қауіпті түрлі психоактивті заттармен, сондай-ақ оларды алдын алумен байланысты тақырыптар қозғалды. Семинарға қатысқан психолог мамандар өздерінің кәсіби практикалық тәжірибелерімен бөлісіп сондай-ақ семинарға қатысушы мамандармен пайдалы пікірлерімен алмасты. "Инклюзивті орта" орталығы мен психологиялық қызмет кеңсесінің жас мамандары өздерінің құзыреттіліктерін көрсетіп, аталған конференцияда әлеуметтік психологиялық тақырыптағы ұсыныстарын білдірді.