ТДМ-4: «Тәуелді адамдар өзін-өзі сүюдің үлкен тапшылығын сезінеді» тақырыбында топтық терапия өтті

13 қыркүйек, 2024

Психолог мамандар мен студенттер үшін 13 қыркүйек күні Zoom платформасында «Тәуелді адамдар өзін-өзі сүюдің үлкен тапшылығын сезінеді» тақырыбында топтық психологиялық терапия өтті. Аталған терапияда адам үшін маңызды рухани қажеттіліктер жайы сөз болды. Топтық терапияны жүргізуші психолог Лаура Берикбаланова қатысушылармен өзара кері байланыс орнатып, әртүрлі әлеуметтік сұрақтарды ортақ талқылады.Сонымен қатар ол студенттермен маман ретінде психология саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Жалпы 10 кәсіби психолог маман мен студенттерді қамтыған бұл психологиялық терапия – қатысушылар үшін пайдалы әрі қызықты болды.