ТӘУЕЛДІ АДАМДАР ӨЗІН-ӨЗІ СҮЮДІҢ ҮЛКЕН ТАПШЫЛЫҒЫН СЕЗІНЕДІ ТАҚЫРЫБЫНДА ТОПТЫҚ ТЕРАПИЯ ӨТТІ

13 қыркүйек, 2024

     Психолог мамандар мен студенттер үшін 13 қыркүйек күні Zoom платформасында «Тәуелді адамдар өзін-өзі сүюдің үлкен тапшылығын сезінеді» тақырыбында топтық психологиялық терапия өтті. Аталған терапияда адам үшін маңызды рухани қажеттіліктер жайы, қарым-қатынастағы ер мен әйел арасындағы өзара тәуелділік, абьюзивті, манипуляторлық және шынайы түсіністікке құрылған қарым-қатынас түрлерін айқындауға байланысты тақырыптар сөз болды. Топтық терапияны жүргізуші психолог Лаура Берикбаланова қатысушылармен өзара кері байланыс орнатып, әртүрлі әлеуметтік сұрақтарды ортақ тақылады. Сонымен қатар ол студенттермен маман ретінде психология саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Терапияда жаңа ақпараттар айтылып, сау қарым-қатынас құру жолдары түсіндірілді. Жалпы 10 кәсіби психолог маман мен студенттерді қамтыған бұл психологиялық терапия – қатысушылар үшін пайдалы әрі қызықты өтті.