№14-жатақханада тұратын студенттермен кездесу

17.09.2024 жылы сағат 18.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №14 жатақханасында медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы С.Б.Калмаханов, студенттік қалашық дирекциясының директоры орынбасары Е.Т.Қалшаев, дирекция бас мамандары Ш.Керимбеков, Б.Б.Сатыбалдиева, ҚДСЖМ-нің директоры А.Б. Даниярова, аға кураторлар Г.А. Арынова мен Ж.Т. Серикбаева, декан орынбасары А.А. Тургумбаева жатақханада тұратын медицина факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында студенттік қалашық дирекциясының директоры орынбасары Е.Т.Қалшаев бұрынғы жылдары студенттер арасында болған келеңсіз жағдайларды мысалға келтіре отырып, жатақханада тұрудың ішкі тәртібін қатаң ескертті. Медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы С.Б.Калмаханов университетте болып жатқан жаңалықтармен бөлісті, студент үшін ең бастысы – жақсы, білікті маман болып шығу қажеттігін, жатақханада тұру ережесін қатаң сақтау керектігін атап өтті. Кездесу кезінде студенттерге қызмет көрсету орталығынан М. Тойшыбек және Д. Сағымбеков шетел студенттеріне визалық көмек бойынша ақпарат берді, туындаған сұрақтарға жауап берді. А.Б. Даниярова жатақханада студенттік ұйымның жұмысына тоқталды, белсенді студенттер жатақхананың ішкі тәртібіне, жатақханада өткізілетін шараларға, жатақхана тазалығына жауап беру қажеттігін ескертті. Студенттер деканға толғандырып жүрген сұрақтарын қойды: 1. Жатақхананың 1-2 қабатында оқу залын ұйымдастыру қажеттігін, 2-қабаттың холына отыратын жұмсақ жиһаз қоюды өтінді. 2. 2-қабаттың асханасында электрлік плиталардың дұрыс жұмыс істемеуінен ас дайындауда қиындықтар туындап жатқандығын айтты. Декан С.Б.Калмаханов туындағын мәселелерді шешуді қарастырыратындығын айтты, сонымен қандай-да бір мәселе болса, уақытында кураторға айту қажеттігін ескертті.
Басқа жаңалықтар


