Көшбасшылық дәріс «Бабалар тіліне реформа»

18 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 18 қыркүйегінде Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен шет елдік ғалым, көне түркі тілінің көрнекті ғалымы, профессор БИЛГЕ УЗЕЛ «Бабалар тіліне реформа» атты көшбасшылық дәріс оқыды. Дәріс барысында көне ескерткіштердегі транскрипция мәселесі, жазбаны оқудағы қателіктер мен жаңа көне түркі дәуіріндегі жазбалардың ортағы шығуы туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар көне түркі дәуірінен бастап бүгінгі түркі тілдеріндегі ұқсастықтар туралы да сөзталқы болды. Дәріс барысында қатысушылар өздерінде туындаған әртүрлі сұрақтарды қойып, жауаптарын алды. Көшбасшылық дәріске кафедра меңгерушісі профессор Авакова Раушангул Амирдинқызы да қатысты, дәріс соңында шет елдік ғалым профессор Билге Узелге зор алғыс айтып, бүгінгі көшбасшылық дәріске қатысты өз ойын ортаға салды. Көшбасшылық дәріске кафедраның білім алушылары, магистранттары, докторанттары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасы