Жазғы мектеп – мүмкіндіктер алаңы
Қанша ғылыми мектеп болса сонша ғылыми пікір бар.
Макс Шелер
Әлемнің түрлі ғалымдарынан дәріс алуға мүмкіндік берген “Evolution Equations, Approximation and Spectral Optimization” жазғы мектебі 11-14 қыркүйекте университетімізде өткен болатын. Бұл іс-шара Еуропалық Одақ қаржыландыратын (Horizon-2020) халықаралық SOMPATY жобасы шеңберінде жетекші ғалымдар, зерттеушілер мен студенттердің білім алмасуы және халықаралық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында, сонымен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - математика және физика саласындағы беделді ғылыми және академиялық орталық ретінде, Математика және Математикалық Моделдеу Институтымен ғылыми ынтымақтастығы және университеттің 90-жылдығына арналған бағдарлама аясында өткізілді.
Осы жазғы мектеп үшін арнайылап шетелдік ғалымдар шақыртылған болатын. Атап өтсек, Роланд Дудучава – А. Размадзе атындағы математический институты – “Calculus of Günter’s derivatives on hypersurfaces and Γ-convergence”; Юрген Престин – Любек Университеті – “Polynomial Multiresolution”; Валерий Самоиленко – Украина ҰҒА Математика Институты – “Asymptotic analysis of systems with a small perturbation”; Берікбол Төребек – Математика және Математикалық Моделдеу Институты – “ Fujita-type critical exponents to the parabolic problems: history, new results and open questions”.
Жазғы мектеп дәрістеріне механика-математика факультетінің математика мамандығының магистранттары мен докторанттары белсене қатысты.
Іс-шара ғылыми маңыздылығымен қатар, БҰҰ бекіткен Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тікелей байланысты. Атап айтқанда, ол студенттер мен жас ғалымдарға математика мен физика салаларындағы алдыңғы қатарлы біліммен алмасу және терең білім алу мүмкіндігін беру арқылы ТДМ 4: Сапалы білімге қол жеткізуге ықпал етеді. Сонымен қатар, мектеп әртүрлі елдердің зерттеушілері мен білім беру мекемелері арасындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту арқылы ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағдарламасын қолдайды, бұл білім мен инновацияның жаһандық желілерін құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Қосымша ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар:
https://sites.google.com/view/eeaso-2024/summer-school?authuser=0
Досмағұлова Қарлығаш Алматқызы,
Математика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары