«Менің жетістігім – менің нәтижем» пікірталас
Механика-математика факультетінің аға кураторы Болат ӘБЕНОВ 18.09.2024 күні №6 Студенттер үйінде Еңбек күніне арналған «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты студенттік пікірталас өткізді. Тәжірибелі тәлімгер ұсынған шараға студенттік декан Д.Аманжолұлы, Студенттік кеңес мүшелері, 2 курста оқитын Қ.Аманжолов атындағы әдеби-шығармашылық бірлестігінің мүшелері мен 1 курс студенті, ЕҒжС-24-3 тобының старостасы Ә.Мұрат қатысып, үлкен белсенділік танытты. Олар мектептен кейінгі аз уақытта білім мен ғылым, өнер жолында қандай жетістіктерге жеткендерін қызықты баяндаса, студенттік деканның орынбасары Н.Тұрғанбек активистикада жүріп қол жеткен нәтижелерімен бөлісті, қоғамдық жұмыста тапқан достары жайлы, олармен бірге өткізген қызықты күндер мен табысты тәжірибелерін, ынтымақты бірліктерін еске алды. 1 курс студенттерін жастар қоғамдық ұйымдарына шақырды.
Бұл шара тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асырудың жарқын мысалы болып табылады, әсіресе ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 9 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсім». Студенттер білім мен ғылымдағы жетістіктерін белсенді талқылады, бұл сапалы білімге қолжетімділікті жақсартуға және олардың кәсіби дамуға деген ұмтылысын ынталандыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, жоғарғы курс студенттері мен бірінші курс студенттері арасында активисттік белсенділік пен қоғамдық қызметтегі тәжірибе және жетістіктермен алмасу - жастарды болашақта тұрақты экономикалық өсім мен лайықты еңбек жағдайларына үлес қосатын жас мамандар атануына дайындайды.
Болат Әбенов
Механика-математика факультетінің аға кураторы