- Басты бет
- Инклюзивті орта
- «Мүмкіндіктер уақыты-болашағы бар бала» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
«Мүмкіндіктер уақыты-болашағы бар бала» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығының қатысуымен «Мүмкіндіктер уақыты-болашағы бар бала» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған шараны Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Мүгедек балалардың ата-аналар қауымдастығы" атты үкіметтік емес ұйым бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы және де Алматы қаласында қызмет атқаратын әртүрлі ҮЕҰ мен қорлар қатысты.
Шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарға әлеуметтік қорғауды және де оларды қолдауды нығайтуға ықпал ету сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтарды Алматы қаласында іске қосуды жүзеге асыру. Конференция қатысушыларға балалардың және жасөспірімдердің денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.