Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушылары ф.ғ.к., Н.Егізбаева, PhD ғылым докторы Ж.Сәрсенбай және магистр С.Игілікқызының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша «Ұлттық дәстүр – тәрбие көзі» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға қазақ филологиясының 1-курс студенттері қатысты. Іс-шарада студенттер қазақ ақындарының классикалық шығармаларынан үзінді оқып, әннен шашу шашып, соңын қазақ биіне ұластырды. Домбыраның күмбірлеген қоңыр үні ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға шақырғандай ерекше әсер етті.
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024