“Тілім менің-Тірлігімнің тірегі”

24 қыркүйек, 2024

  Жас ұрпақтың бойында өз халқының да, елде тұратын басқа ұлттардың да мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру барысында 1998 жылдан бері 22 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдерінің күні деп бекітілген. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейде Тілдер мерекесі ретінде аталып өтіледі.
     Бүгін осы  дәстүрді жалғастыру мақсатында Азаматтық құқық және  азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының  аға оқытушысы А.А. Урисбаеваның ұйымдастыруымен 103 топ студенттері әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдық мерей тойына арналған Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай дөңгелек үстел өткізді.
   Тіл – ұлттың жаны, рухы, болмысы. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мәдениеттің, тарихтың, дәстүрдің діңгегі ретінде қызмет етеді. 
    Тілімізді сақтау – болашағымызды сақтау, себебі ол біздің өткенімізбен байланысымызды үзбеуге, келешегімізді кемелдендіруге жол ашады. 
    Ана тіліміз– тірлігіміздің тірегі, ұлттық бірегейлігіміздің айқын көрінісі. Сондықтан да тілімізді қадірлеп, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдану – әр азаматтың қасиетті борышы деп білеміз.