ТДМ-4: «ҰЙЫМ FEST» студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті
                        20 қыркүйек, 2024                    
                
                Университетімізге жаңа оқу жылында келген 1-курс студенттері үшін 20 қыркүйек күні Жастар Ұйымдары Комитетінің ұйымдастыруымен «ҰЙЫМFEST» студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеде оқу ордамыздағы әртүрлі ұйымдар мен клубтар өз өнерлерін ортаға салып, алғашқы курс студенттерін өз ұйым-клубтарының бағыттарымен, жыл бойына атқаратын жұмыстарымен, өткізетін іс-шараларымен таныстырды. Олар:
- Құқықтық тәртіп сақтау жасағы
 - АРТ-центр
 - Студенттердің ғылыми қоғамы
 - Еріктілер Лигасы
 - Саналы Ұрпақ
 - Жастар Рухы
 - DanceZone
 -  «Farab» оқырмандар клубы
 - Алтын Сапа пікірсайыс клубы
 - AIChE – American Institute of Chemical Engineer's
 - SPE - Society of petroleum engineers
 - КМУ – Жас ғалымдар клубы
 - Болон үдерісі бойынша студенттік бюро
 - «Көмек» Қоғамдық Қоры
 - «Сұңқар» Студенттер мен магистранттар кәсіподағы
 - ҚазҰУ студенттер Сенаты
 - Жоғары студенттік кеңес.
 - Enactus клубы
 
Студенттерге керемет көңіл күй сыйлаған студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өте жоғары деңгейде өтіп, ұйымдар бірлігін нығайта әрі студенттік өмірді тағы бір жандандыра түсті.
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

Басқа жаңалықтар
                                
                                    2 қараша, 2025                                
                            
                                
                                    26 қазан, 2025                                
                            
                                
                                    25 қазан, 2025