Бірінші курс студенттерінің Жатақхана тәртіп ережесімен танысуы
Механика-математика факультетінің деканы Н.С.Досжан және факультеттің аға кураторы Б.Қ.Әбенов 23.09.2024 күні №6 Студенттер үйінде ақпараттық-танымдық жиын өткізіп, 1 курс студенттеріне Жатақхана тұрғындарының тәртіп ережелерін, Студент туралы ережені және Студенттің ар-намыс кодексін түсіндіріп, оларды қатаң орындау қажеттігін міндеттеді. Жиын барысында студенттерге өздерін қоғамдық жерлерде лайықты ұстап, әдеп сақтау тапсырылды. Өздері тұрып жатқан бөлмелерді таза ұстап, Студенттер үйіне белгіленген уақытта оралу керек екенін, жатын ақысын уақытында төлеп отыру қажеттігі ескертілді. Студенттердің өздері ұсынған ережелерге сәйкес қалашықта темекі тартуға, қатты шулауға, қоқыс шашуға болмайтыны жеткізілді. Студенттер өздерін мазалап жүрген тұрмыстық, оқу үдерісіне қатысты сұрақтарға толымды жауап алып, алған ақпарат үшін алғыс білдірді. Жиын соныңда қатысушылар мұндай кездесулердің жоспарлы түрде қайталанып тұруын өтінді.
Бұл кездесу Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ), атап айтқанда, «Салауатты өмір және әл-ауқат» (ТДМ 3), сондай-ақ «Бейбітшілік, әділдік және күшті институттар» (ТДМ 16) ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылады. Тұру ережелері мен мінез-құлық принциптерін нақтылау салауатты әдеттерді қалыптастыруға, студенттерге қолайлы және қауіпсіз орта құруға ықпал етеді, бұл олардың физикалық және психикалық саулығын қолдаумен тікелей байланысты. Сонымен қатар, мінез-құлық ережелерімен және Студенттік Ар-намыс кодексімен танысу заңдар мен ережелерді құрметтеуге тәрбиелейді, жауапкершілік сезімін дамытады және студенттер қауымдастығы арасындағы әділ және ашық қарым-қатынастарды нығайтуға көмектеседі. Ендеше, мұндай кездесулер тәртіпті ортаны қалыптастыруға көмектесіп қана қоймай, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуға дайын белсенді, саналы азаматтарды тәрбиелеуге де ықпал етеді.