Г.С. Баратжанованың диссертациясын алдын ала қорғауы
2024 жылғы 27 қыркүйекте "8D05104-Генетика" білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Баратжанова Гульминям Сабитжановна "Хлорорганикалық пестицидтердің метаболизмі мен әсер ету механизмін зерттеу" тақырыбында диссертация қорғады.
Зерттеу нәтижелері хлорорганикалық пестицидтер мен олардың метаболиттерінің уыттылығын тудыратын механизмдер туралы теориялық білімді кеңейтеді. Нәтижелер хлорорганикалық пестицидтердің ластануы жоғары аймақтарда тұратын адамдардың денсаулығына қауіп-қатерді бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін және зерттеуде анықталған генетикалық полиморфизмдер пестицидтердің әсерінен туындаған ауруларға бейімділіктің маркері бола алады, бұл мақсатты профилактикалық шаралар мен диагностикаға мүмкіндік береді.
Диссертациялық жұмыс сонымен қатар 3 "Денсаулық пен әл-ауқат"тұрақты даму мақсатының (ТМД) аспектілерін қарастырады.
Баратжанова Гульминям Сабитжановнан табысты қорғаумен құттықтаймыз және табысты қорғауды тілейміз!
Молекулалық биология және генетика кафедрасы