Экологияны сақтауда биоотынның рөлі

20 қыркүйек, 2024

2024 жылғы 20 қыркүйекте сағат 12.00-де 524 аудиторияда биотехнология кафедрасының профессоры Заядан Б.К., доцент Акмуханова Н.Р., PhD аға оқытушы Сарсекеева Ф.К. және PhD аға оқытушы Бауенова М.О. 4 курс студенттерімен «Экологияны сақтауда биоотынның рөлі» тақырыбында тәрбие іс-шарасы (дискуссия) өткізді.

Іс-шара биология және биотехнология факультетінің Даму Жол Картасына сәйкес ТДМ 12 – ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ бойынша жүргізілді.

Іс-шара барысында Заядан Б.К. кіріспе сөз сөйлеп, дәстүрлі отын түрлерін пайдалану салдарынан қоршаған ортаның ластану мәселелерін атап өтіп, баламалы энергия көздерін, соның ішінде биоотынды алу мен енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Іс-шарада студенттер келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады:

  1. «Экология мен тұрақты өндіріс үшін биоотынның артықшылықтары»
  2. «Биоотын өндірісінің технологиялары және олардың экологиялық тиімділігі»
  3. «Биомассаны биоотын өндіруде пайдалану: перспективалары мен қиындықтары»

Баяндамалардан кейін белсенді дискуссия өтті. Студенттер биоотынды пайдалану арқылы парниктік газдардың шығарылуын азайту және мұнай мен газға тәуелділікті төмендету бойынша әртүрлі аспектілерді талқылады. Сонымен қатар, биоотын өндірісінің экономикалық тиімділігі және оның азық-түлік қауіпсіздігіне әсері туралы сұрақтар қаралды.

Талқылау барысында студенттер Қазақстанда биоотын технологияларын дамыту және осы отын түрінің экология үшін артықшылықтары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, биотехнологияны энергетика саласына енгізу арқылы неғұрлым тұрақты болашақты құру перспективалары да талқыланды.