Экономикалық білімнің мәселелері мен перспективалары

28 қыркүйек, 2024

2024 жылғы 13 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің Экономика кафедрасы «Экономикалық білім беру және ғылым бастауы: өткені, қазіргі жағдайы, болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді (Тұрақты даму мақсаттарын, ТДМ4- сапалы білімді жүзеге асыру). Дөңгелек үстел әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына және Экономика факультетінің 75 жылдығына арналған, оның жұмысына профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар қатысты.

Дөңгелек үстелге 1974 жылғы философия-экономика факультетінің түлектер тобының қатысуы ерекше маңыздылық берді, олар университеттегі оқу жылдары мен ұстаздары туралы естеліктерімен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында «Туран» білім беру корпорациясының вице-президенті, д.э.н., профессор Урак Жолмурзаевич Алиевтің «Заманауи университет зерттеу бағдарламасы ретінде» тақырыбындағы баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды.

Дөңгелек үстел барысында экономикалық білімнің цифрлық экономика кадрларын қалыптастырудағы рөлі, экономикалық білім беру мәселелері және қазіргі еңбек нарығының талаптары сияқты мәселелер талқыланды. Қызықты баяндамалармен к.э.н., доцент Л.А. Бимендиева,  д.э.н., профессор М.С. Тулегенова, к.э.н., доцент А.М. Джулаева, к.э.н., доцент Г.Р. Даулиева сөз сөйледі.

А.А. Ережепова - к.э.н., «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы,
Б.З. Нурманова - «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы