Саналы тұтыну – тұтынушының қоршаған орта мен өз денсаулығына қамқорлық жасай отырып, тек қажетті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтер түріндегі табиғи ресурстарды ақылмен пайдаланатын мінез-құлық түрі.
Саналы тұтыну үш R принципіне негізделген:
Reduce (тұтынуды азайту),
Reuse (қайта пайдалану және заттарға екінші өмір беру),
Recycle (қайта өңдеу).
Өскелең жас ұрпаққа саналы тұтыну және қоршаған ортамызды аялауға және қорғауға арналған экоакцияға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Физика-техникалық факультетінің белсенді студенттері мен аға оқытушылары, Ecocycle.Birge және Алматы Менежмент Университетімен бірге экоакциясына белсенді қатысып, волонтерлік қызмет атқарды.
Акцияға қатысушылар өздерінің экологиялық жауапкершіліктерін сезініп, қоғамда позитивті өзгерістер жасауға үлес қосады. Көпшілік арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.Студенттер мен оқытушылар Ауылға кітап жобасы аясында көркем әдебиет, мотивациялық кітаптар, энциклопедиялар мен справочниктерді тапсырды. Қайта өңдеуге болатын қағаздар мен картонды сұрыптады, әртүрлі әйнектен жасалған бөтелкелерді, тұрмыстық техникалар,пластиктер, қол-өнер және әшекей бұйымдарын сұрыптады. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қоршаған ортаны аялайтын жас ұрпақ тәрбиелеу.
Мырзахмет М.Ж,. Саякова Б.М., Режеп А.С
https://drive.google.com/drive/folders/1gKSDiHSyEYpHLbjRYPDmckPyqcy6UCXv?usp=sharing