Жапонтану бөлімінің 1-курс студенттері үшін қабылдау кеші ұйымдастырылды
Кездесуге Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен жапонтану бөлімінің білімгерлері қатысты. Шара аясында 3-курс студенті Мундабекова Аяла қазақтың ұлттық биі «Тарту» биін билесе, қазақ бөлімінің 2-курс студенті Әкімхан Ақпейіл домбырамен әйгілі «Ерке сылқым» музыкалық шығармасын орындады. Орыс бөлімінің 2-курс студенттері әйгілі жапон туындысы «Akuma no ko» әніне арнайы би биледі. Бұл шараға бірінші курс студенттері де белсенді түрде қатысты. Мысалы, 1-курс студенті Шахымов Алидар жиналған қауым үшін жапон тілінде «Overdose» әнін орындап берді. Сонымен қатар, кездесу барысында күншығыс елінің тарихы мен мәдениетіне қатысты викториналар мен ойындар ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген студенттерге сыйлықтар таратылды. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін жиналған қауым үшін кішігірім дастархан жайылып, фуршет ұйымдастырылды. Іс-шара өте жылы және достық жағдайда өтті.