- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ студентінің ар-намыс ережесі мен академиялық саясат шеңберінде студент жастардың рухани - адамгершілік қалыптасуына көңіл бөлу.
ҚазҰУ студентінің ар-намыс ережесі мен академиялық саясат шеңберінде студент жастардың рухани - адамгершілік қалыптасуына көңіл бөлу.
2024 жылдың 23 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «География және табиғатты пайдалану» факультетінің деканы Ақтымбаева Әлия Сағындыққызы және деканның оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шәкен А.Ш., факультеттің аға кураторы Әлімбай А.М. қатысуымен «География және табиғатты пайдалану» факультетінің ұл балаларымен тәртіп бұзушылықтың алдын алу туралы жиналысы өткізілді. Өткізілген жиналыстың басты мақсаты – ҚазҰУ студентінің ар-намыс ережесі мен академиялық саясат шеңберінде студент жастардың рухани - адамгершілік қалыптасуына көңіл бөлу. Жиналыс барысында факультет деканы Ақтымбаева Әлия Сағындыққызы факультет студенттеріне қазіргі кездегі қоғамдағы орын алып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын-алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар, тәртіп бұзушылық жайында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Студентінің ар-намысы кодексі» туралы түсіндірді. Сонымен бірге, ҚазҰУ Жарғысының, ҚазҰУ студенттерінің Ар-намыс кодексінің, Ішкі тəртіп ережелерінің, жатақхана ережелеріннің жəне университеттің басқа да нормативті актілерінің талаптарын орындауды атап өтті.
Одан бөлек, студенттердің басқа студенттермен, оқытушылармен жəне ҚазҰУ əкімшілігінің өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік жəне ұқыптылық таныта білуі, кез келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, əлеуметтік дəрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен қарай білуі туралы айтылды. Сондай-ақ студенттің тəртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуі, заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға жəне шерулерге қатыспауы, университетте жəне оның аумағынан тыс жерлерде де құқықбұзушылық əрекеттерге жол бермеуге тиіс екендігі туралы сөз қозғалды. Жиналыс барысында факультет деканы, деканның орынбасары мен аға кураторы студенттер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, ақпарат алмасты. Жиналыстың өткізілуі студенттердің өзінің мəдени, адамгершілік жəне тұлғалық даму деңгейін жетілдіруіне, рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға, қоғамдағы, университеттің ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға бағытталған.