- Басты бет
- Жаңалықтар
- Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ж.Ә.Әбелдаевтың ашық сабағы
Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ж.Ә.Әбелдаевтың ашық сабағы
2024 жылдың 30 қыркүйек күні Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының аға оқытушысы Әбелдаев Жеңісбек Әкімбекұлы «6В02301 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне «Оқылатын тіл елінің жаңа және қазіргі әдебиеті» пәні бойынша «Түріктің ұлттық әдебиет кезеңі (1911-1923)» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., доцент Э.З.Дулаева, кафедраның әдістемелік кеңесінің төрағасы, аға оқытушы А.Ж.Назарова, аға оқытушы Н.М.Шуиншина-Мета және жас оқытушы Қ.Қайполла қатысты.
Ашық сабақ тиісті деңгейде өтті. Студенттердің тыңғылықты жауаптары қатысушылардың көңілінен шықты. Асқар Ақбота Түркияның «Ұлттық әдебиет» кезеңінің пайда болуы мен дамуын презантация арқылы толық ашып берсе, Көктеубай Назерке «Ұлттық әдебиет» кезеңінің ерекшеліктерін жан-жақты саралады. Утегенова Зарина «Ұлттық әдебиет» кезеңінің идеологы Зия Көкалыптың шығармашылығына шолу жасаса, Асан Анар «Ұлттық әдебиет» кезеңінің ең танымал қаламгері Халиде Эдип Адывардың поэтикасын пысықтады.
Ашық сабақ кезінде студенттер «Ұлттық әдебиет» кезеңінің белгілі ақындары Мехмет Акиф Ерсой, Яхия Кемаль Бейатлы, Мехмет Эмин Юрдақұл, Зия Көкалып, Фарук Нафиз Чамлыбел шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Сонымен қатар «Ұлттық әдебиет» тақырыбында оқытушыларға арналған интеллектуалдық топтық ойын – сөзжұмбақ ұйымдастырылды.
Сынып «Ұлттық әдебиет» кезеңінің атақты тұлғаларының суреттерімен безендірілді. Техникалық құралдар кеңінен пайдаланылды.
Ашық сабаққа қатысушы оқытушы-профессор құрамы дәріс соңында өз ойларымен бөлісіп, бағалау шкалаларымен таныстырды, сөйтіп, студенттерге сәттілік тіледі.