ҚазҰУ командасы – BRICS-2024 суперкубогының жүлдегері
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті факультеттерінің студенттері Қазан қаласында өткен BRICS-2024 суперкубок чемпионатында «Цифрлық өндіріс» бағыты бойынша 3-орынды және Қазақстан Республикасынан келген командалар арасында 1-орынды иеленді.
BRICS+ Future Skills & Tech Challenge суперкубогы халықаралық чемпионатының финалдық кезеңі Қазан қаласында (РФ, Татарстан) «Қазан ақпараттық технологиялар және байланыс техникумы» мемлекеттік дербес кәсіптік білім беру мекемесі («МЦК-КТИТС» ГАПОУ) базасындағы халықаралық құзыреттілік орталығында өтті.
BRICS суперкубогына 16 BRICS+ елдерінен 500-ден астам қатысушы мен сарапшылар қатысты. Оның ішінде Қазақстан, Әзірбайжан, Бразилия, Беларусь, Вьетнам, Гана, Үндістан, Иран, Қытай, Колумбия, Қырғызстан, Марокко, Ресей, Сальвадор, Филиппин және ОАР елдерінен де қатысушылар бар.
ҚазҰУ командасы «Цифрлық өндіріс» тақырыбында баяндама жасап, өз жобаларын таныстырды. ҚазҰУ командасының баяндамасы заманауи цифрлық жүйелер мен технологияларды, ML – машиналық оқытуды, IIoT – өнеркәсіптік заттар интернетін, Big Data – үлкен деректерді, AI-жасанды интеллектіні пайдалана отырып, өндірістік, технологиялық және бизнес процестерді әзірлеу, интеграциялау, басқару, автоматтандыру және роботтандыру бойынша кәсіби білім мен дағдыларды қамтыды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасының құрамында механика-математика және ақпараттық технологиялар факультеттерінің студенттері: Ақниет Шаймарданов, Нұржан Дәненов, Жасұлан Молжігітов және Әлібек Ғалымов бар. Команда жетекшісі – сарапшы Александр Ким.
BRICS+ Future Skills & Tech Challenge суперкубогының қорытындысы бойынша команда барлық БРИКС+ елдері арасында 3-орын және Қазақстан Республикасынан келген командалар арасында 1-орын алды.
Бұл жетістік ҚазҰУ командасының қазіргі заманғы өндірістерді цифрландыру жөніндегі халықаралық жарыстардағы алғашқы жетістігі емес. 2024 жылдың мамыр айында команда BRICS+ Future Skills & Tech Challenge чемпионатында 3-орынға ие болып, команда мүшелерінің жоғары дәрежелі дайындығы ерекше аталып өткен болатын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі