Экономиканы ырықтандыру саясаты аясында ұлттық компанияларды басқару
ТДМ «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» бағытындағы 16-шы мақсатына сәйкес 2024 жылғы 24 қыркүйекте Экономика кафедрасының «6В04103 - Экономика» мамандығының 4-ші курс студенттері «Ұлттық экономика» кәсіби пәннің оқу үдерісі барысында 2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауының екінші бағытында айтылған мәселе – мемлекеттің экономикадағы үлесін оптималдандыру арқылы нарықтағы теңдік шарттарын сақтауды анықтау мақсатында "Экономиканы либерализациялау шаралары аясында ұлттық компанияны басқару мәселесі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Студенттер экономиканы одан әрі либерализациялаудың негізгі бағыттарын, нарыққа қолжетімділікті реттеу және әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін жасанды түрде қалыптасқан артықшылықтарды азайту мәселелерін талқылады.
Бұл тақырып қазіргі уақытта аса өзекті, өйткені ұлттық компанияларды тиімді басқару және нарықта тең жағдай жасау экономикалық өсуді ынталандыруда маңызды рөл атқарады. Қатысушылар бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды реттеуге байланысты шығындарды азайту бизнесті жүргізу шарттарын жеңілдетуге және жалпы экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы: PhD, аға оқытушы Г.К.Иляшова.