2024 жылдың 2-қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында Алматы қ. №173 лицейдің 10-сынып оқушыларына кәсіптік бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шарада мектеп оқушыларының қызығушылығын тудырған кафедраның «Ядролық физика», «Ядролық инженерия», «Ядролық медицина» білім беру бағдарламалары туралы мағлұматтар берілді. «Ядролық физика» пәнінің оқу зертханасындағы «Альфа бөлшектің ауадағы жүрімін анықтау», «Бета-нұрдың максимал энергиясын толық жұтылу əдісімен анықтау» сияқты зертханалық жұмыстарға қысқаша шолу жасалынды. Оқушылар қазіргі таңда өзекті болып тұрған «Қазақстанда АЭС салу қажеттігі қандай?», «Бұл салада мамандар тапшылығы бар ма?» деген сияқты сұрақтарына жауап ала алды.