5 қыркүйек - біздің көпұлтты еліміздің ерекше күні: Қазақстан халықтарының Тілдері күні. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары дәстүрлі түрде шетелден келген тыңдаушыларға осы күннің мағынасы мен маңыздылығын түсіндіру мақсатында түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастырады. Шетелдік студенттер кафедрада тілдік дайындықтан өтеді: олар мұнда қазақ және орыс тілдерін үйренеді. Тындаушалардың тілін, меңгеру деңгейін ескере отырып, оқытушылар презентациялар, сондай-ақ Қазақстан халықтарының Тілдері күнінің шығу тарихымен таныстырып, хабарламалар дайындайды. Шетелдік студенттерге ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы, қоғам және саясат қайраткері Ахмет Байтұрсынов туралы қысқаша ақпарат беріледі. Себебі Қазақстан халықтарының Тілдер күні ғұлама ғалымның туған күнінде атап өтіледі. Студенттерді Ахмет Байтұрсыновтың Мұражай-үйіне танымдық экскурсияға алып бару жыл сайынғы жоспарға енгізіледі. Шетелдік азаматтар мемлекетіміздің тіл саясаты туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдайды.