Инновациялық жоба байқауы жеңімпаздары

10 маусым, 2024

Дәстүрлі түрде өтетін «Фараби әлемі» атты сту­денттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясымен қатар, студенттік бизнес-инкубаторларының инновациялық жо­балар байқауы жалғасын тапты. Үздік студенттік инновациялық бизнес-идеяларды ірік­теу, одан кейін дамыту үшін идеяны пысық­тау­дан бастап, оны коммерцияландыруға жет­кі­зуге қолдау көр­сету мақсатында ұйым­дас­тырылған бай­қауға 60-қа жуық жоба түсті.

Оның ішінде механика-математика факультетінің Механика кафедрасынан 12 жоба ұсынылды. Бай­қау шарты бойынша ұсы­ныл­ған жобаларға мы­на­дай талаптар қойылды: ҚР ғылымы мен техни­ка­сын дамытудың басым бағыттарының біріне тие­сілі болуы, жоба идеясы, өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық ма­ңыз­дылығы. Факультеттен бай­қауға ұсынылған 12 жо­баның 9-ына Механика кафедрасының оқыту­шы­сы Берік Мейрамұлы же­тек­шілік етті. Жоба жұ­мы­сына бакалавриат, док­то­рантура сту­дент­тері қатысты. Жобалар төмендегі тақырыптарды қамтыды:

   Түрлі салада қол­да­нуға болатын «Konildi» ат­ты гид роботы.

   Барометр.

  Көкөніс, жеміс-жи­дек теруге икемді құры­лы­мы бар робот.

  Жерасты металл өнім­­дерін іздеуші авто­номды робот.

  Uni_BOT, әмбебап ро­бот-көмекші.

   ISEE (Бизнес дүкен­де­рі бойынша мобильді қо­сымша).

  Қоқысты немесе бас­қа да заттарды жинап, реттеуші автоно­мат­тан­дырылған робот.

   Апатты жағдай­лар­дан кейінгі үйінді астынан жүретін өрмекші, кесіртке ро­боты.

   Шағын электр энер­гия­сын өлшейтін құрылғы.

Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтар мен арнайы дипломдарға ие болды: 1-орын (1 жоба) – 150 000 теңге, 2-орын (3 жоба) – 100 000 теңгеден және 3-орын (5 жоба) – 75 000 теңге.

 

Байқау қорытындысы бойынша Механика ка­фе­драсынан ұсынылған «Қо­қысты немесе басқа да заттарды жинап, реттеуші автономаттандырылған робот» жобасы ең үздік деп танылып, «Ро­бото­тех­никалық жүйелер» маман­ды­ғының 1-курс док­то­ранты Заңғар Рахматулла 150 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды және арнайы дипломмен мара­пат­талды. Жоба жетек­шісі, кафедра оқытушысы Берік Сағитжанов пен Заң­ғар Асқарұлын жеңі­сімен құттықтаймыз!

Динара Елеусізқызы,

Механика кафедрасының аға оқытушысы