ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік сенбілік өтті

5 қазан, 2024

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында ұйымдастырылған жалпыуниверситеттік сенбілік өтті. Сенбілікке 16 факультеттің оқытушылары мен студенттері және университет қызметкерлері қатысты. Барша қатысушылар кампус аумағын тазалап, жасыл аймақтар мен гүлзарларды ретке келтірді.

Бұл шара кампусты абаттандыруға ықпал етіп қана қоймай, университеттің жаһандық тұрақты даму бастамаларын қолдаудағы рөлін көрсетті.

Сенбілікке қатысушылар осындай бастамалар арқылы қоршаған ортаны жақсарту білім алу мен жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын түсініп, белсенділік танытты. Тазалық шарасына қатысушылардың бірі, ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 3-курс студенті Ален Сейітов университет бастамашылық ететін сенбіліктерді өткізу қажеттігін атап өтті. «Мұндай шаралар бізге экологияның маңыздылығын және әрқайсымыз айналамыздағы әлемді сәл жақсарта алатынымызды еске салады. ҚазҰУ студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерінің ортақ мақсат үшін бірігіп жатқанын көргенде, сіз оқып, дамып жатқан жеріңіз үшін бірлік пен жауапкершілік сезімі қаншалықты маңызды екенін түсінесіз. Бұл жай ғана аумақты тазарту емес, бұл – сіздің айналаңызға және университеттің болашағына қамқорлық жасаудың символы», – дейді студент.

Шараны ұйымдастырушылар сенбілік университеттің сыртқы келбетін жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, жастарды қоршаған табиғаттың тазалығын сақтау үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелейтінін атап өтті. Жалпыуниверситеттік сенбілік университеттің оқу үдерісі мен күнделікті тәжірибедегі ТДМ интеграциялау жөніндегі стратегиясын іске асырудағы маңызды қадам болды.

Cенбілік жұмыстары "Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық акциясы аясында  ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі