Университеттің тазалық акциясы

5 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 5 қазан күні жалпы университеттік сенбілік ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны аялап, оның экожүйесінің бұзылмауын қадағалап отыру – әр елді мекен тұрғындарының  азаматтық борышы. Айналадағы тазалықты сақтаудың салдары Тұрақты дамудың бірнеше мақсаттарын жүзеге асыруға септігін тигізеді. ТДМ-ның 11 мақсатында қаланы түрлі қоқыстардан уақытында тазартып отырудың маңызы сөз болады. Бұл қала экологиясына үлкен оң әсерін береді.  Сенбілікке шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен тыңдаушылары бірауыздан қатысып, шараға өз үлесін қосты. Сондай-ақ кампусты тазарту бойынша ұйымдастырылатын дәстүрлі акциялардың маңызды тәрбиелік мәні де айтарлықтай екені мәлім.