Дипломатиялық қатынастардың дамуы

5 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Конфуций институты 2002 жылы Қытай Ланьчжоу университетімен бірлесіп ашылған болатын. Институт жергілікті халыққа қытай тілін үйретумен қатар, түрлі танымдық бағдарламалар мен жобаларды іске асырады.

Осы бағытта Конфуций институты жыл сайын ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасымен тығыз байланыста болып, Қытай Халық Республикасының тарихы мен мәдениеті, дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы түрлі шаралар ұйымдастырады.

Биыл да ҚХР құрылған күніне орай ұйымдастырылған мәдени шараға аталған кафедраның әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдаушылары мен оқытушылары белсене қатысып, Күншығыс елінің әдемі ән-жыры мен түрлі аспапта ойналған саздарының күәсі болды. Мұндай бастамалар әлемде қазір өзекті болып отырған түрлі салалардағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамытуға көмектеседі. Фестивальдің мақсаты-өнерді қолдау және Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастарды дамыту. Музыка, би, ән – қатысушылар мен көрермендерді бір-бірінің өнеріне өзара құрметпен қарап, қызыға тамашалау атмосферасын тудыра алатын, әмбебап тіл. Бұл ТДМ-ның Тұрақты даму үшін серіктестікті ынталандыруда жұмсақ күштің бірі болып қала бермек.