Атом электр станциялары және тұрақты даму: қауіпсіздік пен энергияның болашағы
5 қазан, 2024
2024 жылғы 5 қазанда Картография және Геоинформатика кафедрасының 1 курс қазақ және орыс бөлімдерінің студенттеріне атом электр станцияларының тұрақты дамуға қосқан үлесі мен олардың қауіпсіздік аспектілері бойынша түсіндірме жұмыстары өтті. Атом электр станциялары қазіргі таңда таза энергия көздерінің бірі ретінде танылуда. Оның басты артықшылығы – көмірқышқыл газының аз шығарылуы, бұл қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетеді. Алайда, қауіпсіздік мәселелері, радиоактивті қалдықтарды сақтау және апаттардың алдын алу маңызды рөл атқарады. Қазақстанның энергетикалық болашағында атом электр станцияларының рөлі үлкен болмақ, себебі елде энергияға деген сұраныс өсуде.
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024