«Көмек» орталығының психологымен бірге «Психодрама заманауи әсер ету әдісі ретінде» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.

7 қазан, 2024

      Психолог Талғат Темешевпен бірге ҚазҰУ студенттеріне «Психодрама заманауи әсер ету әдісі ретінде» тақырыбында шеберлік сабағын өткіздік. Отыздан астам студент қатысты. Тренинг өте қызықты және танымды болды. Студенттер көптеген сұрақтарға жауап алып, ойындар мен тренингтерге бар ынтасымен қатысты.