Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары халықаралық симпозиумға қатысты
2024 жылдың 28 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Такаши Ниномия (шақырылған профессор, доцент) мен Шадаева Мадина (аға оқытушы) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткен «Мектеп пен университеттің білім беру реформасын ілгерілету бойынша халықаралық ынтымақтастық: Қазақстан мен Жапония» атты халықаралық симпозиумға қатысты. Симпозиумда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің оқытушылары мен докторанттары, Жапонияның Васеда университетінің профессоры білім беру ісіне қатысты баяндама жасады. Такаши Ниномия мен Шадаева Мадина «Жапондарға арналған қазақ тілі оқулықтарын шығару» тақырыбында баяндама жасап, Цукуба университетінің қолдауымен жарияланған «Практикалық қазақ тілі: бастапқы деңгей», «Қазақ және орыс тілдеріндегі негізгі сөздердің жинағы» оқулықтарын жазу және жариялау барысын түсіндірді. Болашақта олар «Қазақ тілі: грамматикалық анықтағыш», «Оңай қазақ тілі» оқулықтарын жариялауды жоспарлап отыр.